Ер адам мен әйелдің миы: 7 айырмашылық
Әйелдің миы ер адамдікінен 10 пайызға кішірек, бірақ ер адамның миы әйелдікіне қарағанда (жасы ұлғайғанда) ерте кішірейеді.
Әйелдер бір мезетте бірнеше ақпаратты қабылдай алады, ал ерлерге бір уақытта бірнеше жұмысты атқарған «ұнамайды».
Ерлер нақты ғылымдарда мықтырақ, ал әйелдерге гуманитарлық ғылымдар оңайға соғады.
Әйелдер сөйлегеннен ләззат алады, ер адамдарға қарағанда 3 есе көп сөйлейді.
Егер ер адам көлігімен бір жерге алғаш рет барған болса жүрілген жол мен бұрылыстарды есінде сақтап, адаспайды, ал әйелдер жол бойындағы дүкендер мен ғимараттарды есінде сақтағандықтан жиі адасып жатады.
Ер адам «не айтылса, соны естиді», ал әйелдер айтылған сөзбен қатар сөйлеген адамның интонациясына, эмоциясына мән береді, сондықтан үнемі «неге олай айтты екен, мұнымен не айтқысы келді» деп «уайымға» салынады.
Ерлер дүкенге немесе базарға барғанда өзіне керектісін ғана алып, кетуге асығады, ал әйелдер асықпай, сатып алмаса да барлық нәрсенің бағасын біліп, сұрап жүргенді ұнатады.